Лизинг
нарығын талдау
Лизинг негізгі құралдарды жаңартудың тиімді құралы болып табылады және әлемдік тәжірибеде белсенді түрде қолданылады. Қазақстанда лизингтік қызмет «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-II Заңымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлігі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексімен реттеледі.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылы қаржылық лизинг шарттарының жалпы құны 756,7 млрд теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда1158,4%-ға артты.
ҚР-дағы негізгі лизинг көрсеткіштері, млрд теңге

Ең тартымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы болды – қаржылық лизинг шарттарының жалпы құнының 30,5%, көлік және қоймалау – 39,3% және өңдеу өнеркәсібі – 15,7%.
Сонымен қатар, республика бойынша лизинг портфелі 2023 жылдың соңында 1 806,5 млрд теңгені құрады, ал қаржылық лизинг бойынша алынған лизингтік төлемдер көлемі 457,8 млрд теңгеге жетті.
1Салыстыру 2022 жылға арналған Статистика бюросының «Лизинг қызметі бойынша есеп» есеп нысаны бойынша ресми статистиканың болмауына байланысты 2021 жылмен жүргізіледі.
Қаржылық лизингті пайдалану бағыттары бойынша шарттардың саны (бірл.) және құны (млрд теңге):
Қазақстан Республикасы |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
|||
сомасы | саны | сомасы | саны | |
Көлік құралдары мен жабдықтар | 416,1 | 3 133 | 1 | 17 |
Басқа машиналар мен жабдықтар | 340,2 | 8 509 | 230,2 | 8 264 |
оның ішінде ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар | 230,4 | 8 266 | 230,2 | 8 264 |
Басқа да негізгі құралдар | 0,4 | 3 | ||
Барлығы | 756,7 | 11 645 | 231,2 | 8 281 |
Компания АШТ саласындағы
негізгі лизинг беруші
болып табылады.
7 710
2023 жылы Компания 177,9 млрд теңге сомаға 7 710 бірлік техниканы лизингке берді (қаржылық лизинг шарттары бойынша), бұл Қазақстандағы АӨК лизингінің жалпы көлемінің 77,3%-ын құрайды.
Осылайша, 2000 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қызмет барысында жалпы сомасы 1 243 млрд теңгеге 79 мыңнан астам АШТ мен жабдықты сатып алу қаржыландырылды. Лизингке берілген техника 15 млн гектар егістік жерлерді өңдеуде.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бірқатар мембағдарламалардың шағын және орта бизнесінің өсуінің ең жақсы драйвері болды. Бұл ретте Компания келесі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады (аталған бағдарламалардың әкімшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады):
- агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне кредит беру кезінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
- инвестициялық салымдар жасау кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін субсидиялау.
Қазіргі уақытта 10 лизингтік компания АШТ мен жабдығын лизингпен айналысады:
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ
- «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
- «ТехноЛизинг» ЖШС
- «Халык-Лизинг» АҚ
- «Лизинг Групп» АҚ
- «NUR LEASING» лизингтік компаниясы
- «Қазақстан ижара компаниясы» АҚ (KIC)
- «КомТрансЛизинг» ЖШС
- «Банк Центр Кредит» АҚ ЕҰ
- «Expert-leasing» ЖШС
Мемлекеттік қолдау құралдарының кеңінен таралуының арқасында Қазақстандағы лизинг нарығы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. АШТ және жабдық лизингі бойынша арнайы бағдарламалары бар компанияларға қаржыландырудың мынадай шарттары ұсынылады:
Лизинг компаниялары | Активтерді қаржыландыру | Шарттары | ||
Қаржыландыру мерзімі | Сыйақы мөлшерлемесі | Қоса қаржыландыру | ||
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ | Отандық өндірістің өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтар | 3-10 жыл | 3% (жеңіл өнеркәсіп жобалары үшін 50 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін) | кемінде 15% |
9% (80 млн-нан 20 млрд теңгеге дейін) | ||||
«ТехноЛизинг» ЖШС | АШТ және жабдықтар | 3-5 жыл | 22,25%-тен бастап | 20%-дан бастап |
ДАМУ бағдарламасы бойынша (а/ш лизингіне, жол-құрылыс техникасы және арнайы техника) | 7 жылға дейін | 19,5%-нан артық емес | 30%-дан бастап | |
«Халык-Лизинг» АҚ | АШТ | 5 жылға дейін | 24,25% (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінен кем емес +7,5%) (клиент үшін – 6% АШМ) | 20%-дан бастап |
Жабдық | 5 жылға дейін | 19,5% | 20%-дан бастап | |
«Лизинг Групп» АҚ Leasing group | Арнайы техника (оның ішінде АШТ), жүк көлігі және автомобильдер | 5 жылға дейін | жылдық 20%-дан бастап (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінен +5%) | 20%-дан бастап |
«Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Нұр Лизинг» лизингтік компаниясы (NUR LEASING) | Жүк көлігінің, арнайы техниканың, жабдықтың, өндірістік кешендердің және т.б. лизингі | 3-тен жылдан бастап | 19,75%-дан бастап | 20%-дан бастап |
ДАМУ бағдарламасы бойынша | 7 жылға дейін | 19% жылдық | 20%-дан бастап | |
«Қазақстан ижара компаниясы» АҚ (KIC LEASING) | Егін жинау машиналары, егіс техникасы, суару машиналары | 3-тен жылдан бастап және одан жоғары | жеке | 20%-дан бастап |
«КомТрансЛизинг» ЖШС | «Беларусь» маркалы тракторға лизинг | 5 жылға дейін | 23% | 25%-тен бастап |
«Центр лизинг» лизингтік компаниясы» ЖШС «Банк Центр Кредит» АҚ еншілес компаниясы | АШТ | 5 жылға дейін | 20,25% | 25% |
ТОО «Expert-leasing» | АШТ | 3-тен жылдан бастап | жылдық 19,5% (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінен +5% кем емес) | кемінде 20% |
Дереккөз: компаниялардың интернет-ресурстары

Операциялық
қызметтің
нәтижелері
2023 жылы қаржыландырылған
клиенттер

1 406,3 млрд теңге 2000 жылдан 2023
жылға дейін АӨК-ке инвестицияланды


Қызметтің нәтижелері
2022 ж. | 2023 ж. | Динамика | |||
Қаржыландыру көлемі | 172,8 млрд теңге | 178,8* млрд теңге | 3,5% | ||
Техника саны | 6 806 бірлік | 7 710 бірлік | 13,3% | ||
Оның ішінде КZ техникасы | 4 250 бірлік | 4 142 бірлік | 2,5% | ||
Несие портфелі | 423 млрд теңге | 477,9 млрд теңге | 13,0% | ||
NPL 90+ | 8,17% | 8,13% | 0,5% | ||
Провизиялар | 10,36% | 10,85% | 0,5% | ||
Клиенттер саны | 10 983 АШТӨ | 13 234 АШТӨ | 20,5% |
* Сома кассалық әдіспен есептелген
2009 жылдан 2016 жылға дейін ҚазАгроҚаржы инвестициялық жобаларды, оның ішінде ҚР ҰҚ қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларды қаржыландыру жөніндегі оператор болды. 2017 жылдан бастап Компания өз қызметін тек АШТ лизингіне шоғырландырады.
Инвестиция көлемі2021-2023 жж., млрд теңге

1 405,5
2000 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде бұрын қаржыландырылған инвестициялық жобалар бойынша техника лизингі мен қарыздарды ескергенде Компания АӨК-ке шамамен 1 405,5 млрд теңге инвестициялады.
Компанияның сандық көрсеткіштерінің динамикасы, бірл.

Техника атауы |
2021 ж. | 2022 ж. | 2023 ж. | Жиыны 2000-2023 жж. |
||||
бірлік | сомасы, млн теңге |
бірлік | сомасы, млн теңге |
бірлік | сомасы, млн теңге |
бірлік | сомасы, млн теңге |
|
Себу кешендері | 258 | 10 515 | 190 | 8 547 | 191 | 8 017 | 2 168 | 76 859 |
Тракторлар | 2 431 | 45 521 | 2 896 | 65 308 | 2 846 | 63 689 | 24 597 | 268 477 |
Комбайндар | 633 | 44 408 | 507 | 57 375 | 512 | 55 946 | 13 030 | 388 176 |
Сепкіштер | 258 | 7 513 | 283 | 9 251 | 172 | 6 478 | 3 654 | 40 058 |
Басқа техника | 3 696 | 33 669 | 2 930 | 32 355 | 3 989 | 43 858 | 32 687 | 194 229 |
Жабдық | 604 | 58 897 | ||||||
Жиыны | 7 276 | 141 626 | 6 806 | 172 836 | 7 710 | 177 988 | 76 740 | 1 204 685 |
Бизнес көлемі бойынша клиенттер саны, бірлік

13 234
2023 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның портфеліндегі белсенді клиенттер 13 234 бірлік құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға (10 983 АШТӨ) көп. Басым үлесті шағын және орта бизнес алып отыр – 13 187 клиент, бұл шамамен 99,6%.
Қаржыландыру бағдарламалары бойынша лизинг құрылымы
Бағдарлама | Шарттар саны | Техника саны, бірл. | Техника құны, млн теңге |
«Мастер-лизинг» | 438 | 905 | 52 493,9 |
«Экспресс-лизинг» | 2 190 | 2 627 | 42 541,9 |
«Қазақстанда жасалған» | 429 | 479 | 17 049,5 |
«Сенімді фермер» | 12 | 13 | 512,7 |
«Жеңілдетілген лизинг» | 295 | 333 | 15 162,9 |
«Техника мен көлік құралдарының лизингі» | 1 002 | 1 334 | 37 131,2 |
«Жасыл өнім» | 122 | 139 | 2 267,9 |
«Өз жемшөбіміз» | 1 694 | 1 880 | 10 828,6 |
Жиыны | 6 182 | 7 710 | 177 988,5 |
Дереккөз: Компания деректері

2023 жылы
өңірлер бойынша
ортфолиодағы
клиенттердің құрылымы

Компания клиенттерінің өңірлік картасында Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан мыңнан аса клиент бар.
Дереккөз: Компания деректері
Қаржылық
нәтижелер
Негізгі қажылық көрсеткіштер, млн теңге
2023 ж. | 2022 ж. | |
Активтер | ||
Ақша қаражаты және оның баламалары | 43 801 | 64 764 |
Кредиттік ұйымдардағы қаражат | - | 62 |
Клиенттерге кредит | 8 111 | 13 287 |
Қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешек | 448 424 | 381 874 |
Қорлар | 3 043 | 2 870 |
Негізгі қаражат | 872 | 973 |
Басқа активтер | 19 052 | 10 512 |
Активтер жиыны | 523 303 | 474 342 |
Міндеттемелер | ||
Акционер алдындағы берешек | 17 641 | 22 062 |
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ алдындағы берешек | 12 424 | 11 584 |
Кредиттік ұйымдардың қаражаты | 34 081 | 30 638 |
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар | 210 268 | 206 717 |
Мемлекеттік субсидиялар | 43 518 | 27 026 |
Басқа міндеттемелер | 19 802 | 19 365 |
Міндеттемелердің жиынтығы | 337 734 | 317 392 |
Меншікті капитал | 185 569 | 156 950 |
ROA | 3,79 | 4,65 |
ROE | 11,05 | 13,55 |
Бір жай акцияның баланстық құны (теңгемен) | 1 800,48 | 1 889,28 |
млрд теңге | 2023 ж. | 2022 ж. | 2023 ж. 2022 жылға қарай, % |
Кірістер, барлығы | 72,7 | 59,0 | 123,28 |
соның ішінде: | |||
Сыйақы түріндегі кіріс | 71,5 | 58,1 | 122,98 |
Шығыс, барлығы | 53,8 | 37,9 | 141,73 |
соның ішінде: | |||
Сыйақы бойынша шығыс | 34,5 | 28,8 | 119,65 |
Резарв құру бойынша шығыс | 12,1 | 3,3 | 363,36 |
КТС | 0,0 | 0,4 | 0,47 |
Таза кіріс | 18,9 | 20,6 | 91,80 |
ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы секторындағы табысты операциялық қызметті, қаржылық орнықтылықты және Компанияның жүйелі дамуының көрінісі болып табылатын оң қаржылық көрсеткіштер беруін жалғастыруда.