2023
жылғы басты
оқиғалар

Күнбағыс

Астра тұқымдасына жататын өсімдік және Қазақстандағы жетекші дала дақылдарының бірі. Бұл Солтүстік Американың тумасы, оны өсіру өте қарапайым. Қазақстанның аграрлық секторында күнбағыс үлкен сұранысқа ие.

Қазақстанда күнбағыс өсіру бойынша Солтүстік, Шығыс және Батыс облыстардың бір бөлігі көш бастап тұр. Бұл облыстарда өңірлік климаттық жағдайларға бейімделген гибридтер қолданылады: қазақстандық 465, Сұңқар, Қазақстандық 5, Юбилейный 40. Күнбағыс тұқымдарының басым бөлігі Шығыс Қазақстанда өсіріледі.

Ол азық-түлік және өнеркәсіптік өндірістерде шикізат ретінде, сондай-ақ мал шаруашылығында жем ретінде қолданылады.

2023
жылғы басты
оқиғалар

16 маусымда

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 20 миллион дана акциясы (1 акция – 1 000 теңге) Жалғыз акционерге республикалық бюджеттен ҚазАгроҚаржының жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен шығарылып, 1 тамызда орналастырылды.

17 тамызда

«ҚазАгроҚаржы» АҚ екінші бағдарлама аясында 7 жыл айналыс мерзіммен үшінші облигациялық бағдарлама шегінде екінші облигациялар шығарылымын жүзеге асырды, ол 11,8 млрд теңгеге кең ауқымды нарықтық инвесторлар арасында орналастырылды.

22 маусымда

Басқарма шешімімен ҚазАгроҚаржының арнайы қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру ережелері жаңа арнайы бағдарламаларды ескере отырып бекітілді: «Өз жемшөбіміз», бюджет инвестициялары есебінен жүзеге асырылатын бағдарлама – бағдарлама мал азығын дайындайтын кәсіпорындардың заманауи АШТ жаңартуға және қамтамасыз етуге бағытталған, және «Жасыл өнім», Компанияның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарлама – әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін (көкөністер, жемістер, жидектер, қант қызылшасы) өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталған.

26 маусым

Telegram чат-боты арқылы «Жеңілдетілген лизинг», «Өз жемшөбіміз», «Жасыл өнім» және «Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша несие алу үшін кезекке жазылуға арналған электрондық кезек әзірленіп, іске қосылды.

12 шілдеде

«ҚазАгроҚаржы» АҚ екінші бағдарлама аясында 7 жылдық мерзіммен алғашқы облигациялар шығарылымын жүзеге асырды, ол үшінші облигациялық бағдарлама шегінде 8,2 млрд теңгеге кең ауқымды нарықтық инвесторлар арасында орналастырылды.

26 қыркүйекте

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚазАгроҚаржының ұзақ мерзімді рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютада «BBB-» деңгейінде растады, рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

16 қарашада

ҚазАгроҚаржы «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-ның (KASE) «Облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясымен қор нарығының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша

ҚазАгроҚаржының жылдық есебі PwC Kazakhstan өткізген жылдық есептер конкурсында корпоративтік басқару мәселелерін ең жақсы ашқаны үшін дипломға ие болды және ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша үздік 50 компанияның қатарына еніп, 24-ші орынды иеленді.