Корпоративтік
басқару
Компания корпоративтік басқаруды қызметтің тиімділігін арттыру, транспаренттілік пен есептілікті қамтамасыз ету, оның беделін нығайту және олардың капитал тарту шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады.
Корпоративтік
басқару жүйесінің
компоненттері:
Компанияның корпоративтік басқаруы әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, мөлдірлік, кәсібилік және құзыреттілік негізінде құрылады.
Адалдық
Компания Жалғыз акционердің құқықтарын қорғайды және оның құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайда пәрменді шаралар қабылдайды;
Есеп беру
Компания Компанияның атқарушы органының Директорлар кеңесіне есептілігін және Директорлар кеңесінің Жалғыз акционерге есептілігін қамтамасыз етеді;
Жауапкершілік
Компания Жалғыз акционердің заңды құқықтары мойындалуын қамтамасыз етеді, Компанияның қаржылық саулығы мен орнықтылығы мәселелері бойынша Компания мен Жалғыз акционер арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады;
Ашықтық
Компания мүдделі тұлғалардың шешімдеріне әсер етуі мүмкін барлық маңызды мәселелер бойынша ақпараттың уақтылы және дұрыс ашылуын қамтамасыз етеді.
Компанияда корпоративтік басқарудың жолға қойылған жүйесі қалыптастырылған және жұмыс істейді, Компания мен оның органдарының қызметін реттейтін қажетті ішкі нормативтік құжаттар әзірленіп, бекітілді, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару бойынша бағалауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі тиімді жұмыс істейді. Компаниядағы басқару процестері мен процедуралары заңнаманың, ішкі нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және көрегенді және жауапты шешімдер қабылдау үшін оңтайлы жағдайлар жасалатындай құрылымдалған.
ҚазАгроҚаржының жоғары органы – Жалғыз акционер, басқару органы – Директорлар кеңесі, атқарушы органы – Басқарма.
Корпоративтік
басқару
рейтингі
Корпоративтік басқару диагностикасының нәтижелері бойынша – корпоративтік басқару деңгейінің үздік практика талаптарына сәйкес келеді, 95,2% мөлшерінде баға алынды.


Акционерлік
капиталдың
құрылымы
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны 102 837 204 дана құрады, акциялардың номиналды құны 102 837 204 000 теңгені құрайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы» Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 4 шешімі Компанияның жай акцияларының санын өзгертуге қызмет етті.
Жарияланған жай акциялар саны | 102 837 204 бірл. |
Орналастырылған жай акциялар саны | 102 837 204 бірл. |
Бір жай акцияның номиналды құны | 1 000 теңге |
Бір акцияны орналастыру бағасы | 1 000 теңге |
Эмитенттің акцияларын төлеу тәсілі | эмитенттің акциялары ақшамен төленді |
Эмитенттің акцияларын орналастырудан тартылған ақша қаражатының сомасы | 102 837 204 000 теңге |
Дивидендтер
Дивидендтік саясат принциптері Дивидендтік саясат туралы ережемен анықталады.
2022 жылға дивидендтер төлеу 2023 жылғы 14 маусымда 10 309 686 954 мың теңге мөлшерінде жүргізілді. Бір жай акцияға дивиденд мөлшері 124 теңге 46 тиын құрайды.
Төленген дивидендтер
Атауы | Өлшем бірлігі |
2021 жылы (2020 жыл үшін) |
2022 жылы (2021 жыл үшін) |
2023 жылы (2022 жыл үшін) |
Таза кіріс (шығын)* | мың теңге | 9 598 199 | 17 301 745 | 20 619 374 |
Бір жыл ішінде жарияланған дивидендтер | мың теңге | 6 718 739 | 12 111 222 | 10 309 687 |
Бір жыл ішінде төленген дивидендтер | мың теңге | 6 718 739 | 12 111 222 | 10 309 687 |
Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері ** | теңге | 81,11 | 146,21 | 124,46 |
Акцияның баланстық құны *** | теңге | 1 339,89 | 1 774,30 | 1 889,28 |
* – Дивидендтер төленген жылдың таза кірісі.
** – Дивидендтер төленген жылдың пайдасы.
*** – Дивидендтер төленген жылдың баланстық құны.
Сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл
Компания басшылығы мен оның жұмыскерлері өз жұмысында мөлдірлік және ашықтық негізгі қағидаттарын ұстанады. Компания барынша жариялылықты қамтамасыз етуге ұмтылады. Бірінші кезекте бұл жұмыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ Компания жұмыскерлері тарапынан құқыққа қарсы іс-қимылдарды болдырмауды қамтамасыз етуге арналған.
Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша есепті жылғы қызметі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Компанияның Комплаенс қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет» болып қайта құрылды, оның функцияларына Компанияның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету көзделген. Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізу үшін жұмыс топтары құрылады, өзге бөлімшелердің жұмыскерлері тартылады. Жалпы алғанда, Компанияның барлық жұмыскерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына тартылған.
Компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мынадай шараларды іске асыруда:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсылық тұрғысынан сараптама жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдауы;
- мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу;
- сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, теріс қылықтар туралы хабарлау;
- бастамашылық ақпараттандыру арналарының жұмыс істеуі;
- контрагенттердің сенімділігін тексеру, контрагенттермен жасалған шарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе енгізу.
