Компания
туралы
---

Жүгері

Шамамен 5 мың жыл бұрын қазіргі Мексикада өсірілген және тез таралатын шөптесін өсімдік. Оны «егістік патшайымы» деп атайды, өйткені мәдениет кез-келген климатта жақсы өседі және жеміс береді, ал егер жүгерінің өсіру технологиясын дұрыс ұстанатын болса, ол үнемі жақсы өнім береді.

Қазақстанда жүгері негізгі жемшөп дақылдарының бірі болып табылады. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде ол жалпы астық жинау бойынша бірінші орынға ие болып отыр, ал егіс алқаптары бойынша бидайдан кейін екінші орынға шығып тұр.

Соңғы жылдары жүгері өсіру өсімдік шаруашылығының экономикалық тартымды бағытына айналуда. Жүгері Алматы, Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында көптеп өсіріледі.

Компания
туралы

Миссиясы

Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бизнесін техникалық және технологиялық жаңғырту.

Пайымы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – цифрлық шешімдерді қолдана отырып, АӨК саласындағы клиенттерге жан-жақты қолдау көрсететін серіктес.

Саладағы мақсаты.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ауыл шаруашылығы техникасын лизингтік негізде сатып алу үшін қолжетімді қаржы құралдарымен қамтамасыз ету жолымен агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңарту.

Қызмет түрлері

  • агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтік қызмет;
  • заң актілерінде тыйым салынбаған, ҚазАгроҚаржы жарғысында көзделген Компания мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін кредиттеу және өзге де қызмет түрлері;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Рейтингтер

26 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютада «BBB-» деңгейінде растады, рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Лицензиялар

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің ұлттық валютада банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензиясы (2006 жылғы 31 наурызда алынған).

Қызмет географиясы

Еліміздің барлық өңірлерінде 15 Филиалдар бар. Қазақстандық техника өндіруші зауыттармен, сондай-ақ жақын және алыс шетел жеткізушілерімен ынтымақтастық.

ISO 9001-2015 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттау.


Бизнес-моделі


Қызмет
бағытрары

2023 жылғы Компанияда болған қаржыландыру бағдарламалары:

  1. Стандартты шарттардағы лизинг:
    • ауыл шаруашылығы техникасы (өздігінен жүретін, аспалы және тіркемелі);
    • мелиорациялық және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары;
    • биологиялық активтерді, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары, соның ішінде жүк вагондары;
    • жабдықтар (монтажды қажет ететін және қажет етпейтін).
  2. Арнайы қаржыландыру бағдарламалары:
    • «Қазақстанда жасалған»;
    • «Сенімді фермер»;
    • «Экспресс-лизинг»;
    • «Жеңілдетілген лизинг»;
    • «Жасыл өнім»;
    • «Өз жемшөбіміз».
  3. Арнайы қаржыландыру қызметтері:
    • «Мастер-лизинг».

2023 жыл соңындағы қаржыландыру бағдарламалары:

  Мерзімі Аванс Мөлшерлеме
 
Стандарттық лизинг шарттары
Ауыл шаруашылығы техникасы 10 жылға
дейін
кемінде
15%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7%
(субсидияларды ескерумен 6%)
Мелиорациялық және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника 7 жылға
дейін
кемінде
20%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияларды ескерумен 6%)
Ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары 5 жылға
дейін
кемінде
30%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияланбайды)
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін және оларды өңдеу өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдайтын көлік құралдары (соның ішінде тартқыштар мен тіркемелері бар) 7 жылға
дейін
кемінде
15%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияларды ескерумен 6%)
Астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған жүк вагондары 10 жылға
дейін
кемінде
15%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияланбайды)
 
Арнайы қаржыландыру бағдарламаларының шарттары
«Қазақстанда жасалған»
Отандық өндріс/құрастыру а/ш техникасы мен көлік құралдары
10 жылға
дейін
кемінде
15%
6%
«Жеңілдетілген лизинг»
Өздігінен жүретін отандық өндіріс/құрастыру АШТ
10 жылға
дейін
0%-ден
бастап
6%
«Өз жемшөбіміз»
АШТ, мал азығын дайындау техникасы және мобильді суару жүйелері
10 жылға
дейін
кемінде
15%
6%
«Жасыл өнім»
АШТ, суару жүйелері, арнайы техника, көкөністер, жемістер, жидектер және қант қызылшасын өндіру және/немесе тасымалдауға арналған көлік құралдары
10 жылға
дейін
кемінде
15%
6%
«Сенімді фермер»
Аванссыз лизинг
10 жылға
дейін
0% Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияларды ескерумен 6%)
«Экспресс лизинг»
Кірісті растаусыз
10 жылға
дейін
кемінде
20%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияларды ескерумен 6%)
 
Арнайы қаржыландыру қызметтерінің шарттары
«Мастер-лизинг»
1 жылға арналған лизинг желісі
10 жылға
дейін
кемінде
15%
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5%
(субсидияларды ескерумен 6%)
6%

Лизинг нысанасында қаржыландырудың артықшылықты шарттары техниканы кепілсіз, комиссия төлемей, жеңілдік кезеңін бере отырып, ұзақ қаржыландыру мерзімімен, аванс енгізусіз беру болып табылады (техника құнының 15% мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар есебінен). Сыйақы мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды, клиент үшін сыйақының қорытынды мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды.


Лизинг беру
процесі