Компанияның
қысқаша
бейіні
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты.
Компания 24 жылдан астам уақыт бойы өз қызметін табысты жүзеге асырып, еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал етіп келеді.
Саладағы жоғары құзыреттілік, нарықтағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі, дамыған филиалдар желісінің болуы, кәсіби кадрлар құрамы, сенімді кредиттік рейтингтері мен қаржы қаражатын тартуға қолжетімділігі сияқты бәсекелестік артықшылықтары оның лизинг нарығында көшбасшы позициясын сақтауына және отандық фермерлер үшін сенімді серіктес болып қалуына мүмкіндік береді.
Негізгі
көрсеткіштердің
динамикасы
Қаржылық көрсеткіштер
Активтер,
млрд теңге
Несие портфелі,
млрд теңге
Кірістілік
көрсеткіштері
Меншікті капитал,
млрд теңге
Міндеттемелер,
млрд теңге
Дивидендтер,
млрд теңге
Операциялық көрсеткіштер
Техника мен жабдықтар
лизингінің көлемі, млрд теңге
Лизингке берілген
техниканың саны, бірл.
Жасалған қаржыландыру
шарттарының саны, бірл.
Жыл соңындағы портфельдегі
клиенттер саны, бірл.
Қаржыландырылған
клиенттер саны, бірл.
Қаржылық емес көрсеткіштер
Fitch
Ratings
Директорлар
кеңесі Төрағасының
үндеуі
Құрметті серіктестер мен әріптестер!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің атынан Сіздерге қошеметімді білдіруге қуаныштымын!
«ҚазАгроҚаржы» отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сенімді серіктес болып табылады және оған деген сенім жыл сайын артып келеді.
2023 жыл Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қиын болды, дегенмен компания аграрийлерді көктемгі егіс және жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізуді тапсырды.
Осылайша, 2023 жылы компания республикадағы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бірнеше жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын іске қосты: «Өз жемшөбіміз», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім». Бұл бағдарламалар отандық фермерлерге қолдау көрсетуге және отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыруға бағытталған.
Есепті жылы маңызды корпоративтік оқиға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ даму жоспарының басымдықтарын және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың құжаттарын ескере отырып әзірленген «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту болды.
Компанияның Миссиясы – Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бизнесін техникалық және технологиялық жаңғырту.
Компания осы жылдар ішінде сала дамуына өз үлесін қосып келеді және алдағы уақытта да АӨК саласында жан-жақты қолдау көрсетіп, лизингтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік деңгейін жақсартуды жалғастырады.
Айдапкелов
Нұрболат
Серғалиұлы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Директорлар кеңесінің
төрағасы
Басқарма
Төрағасының
үндеуі
Құрметті әріптестер мен серіктестер!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның агробизнесін тиімді қолдауын қамтамасыз етіп, қызметтерді алуды мүмкіндігінше жеңіл және ыңғайлы етуге ұмтылады.
Өткен жыл отандық ауыл шаруашылығы бизнесі үшін қиын болды. Аграрийлерді қолдау мақсатында біз клиенттеріміз үшін тиімді және қолжетімді бірнеше лизингтік бағдарламаларды іске қостық. Біз отандық ауыл шаруашылығын дамытуға және оның нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз.
Компания салада жоғары құзыреттерге ие, оның дамыған филиалдық желісі, мықты кадрлық құрамы және сенімді кредиттік рейтингтергі бар – осының барлығы лизинг нарығында көшбасшылық позицияларды сақтап, қазақстандық аграрийлер үшін сенімді серіктес болуға мүмкіндік береді.
Келесі жылы біз тұтынушылық сұранысқа бағытталған лизингтік қызметтерді жетілдіру және дамыту бойынша клиентке бағдарланған саясатты жүзеге асыруды жалғастырамыз.
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, адам факторын азайтуға, жобаларды қарау мерзімін қысқартуға және мәмілелердің ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар өнімдерді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл «лизинг» құралын жаңа деңгейге көтеруге және оны Қазақстан нарығындағы ең сұранысқа ие қаржылық өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.
Клиенттерге, серіктестерге және қызметкерлерге зор алғысымды білдіремін. Сіздің қолдауыңыз бен кәсібилігіңіздің арқасында Компания өтіп бара жатқан жылы алға қойған барлық міндеттерді орындауда үлкен жетістіктерге жетті.
Прашев
Айдар
Гилимович
«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Басқармасының
Төрағасы